ҚР ШОБ үшін жаңа мүмкіндіктер: Huawei және VS Trade стратегиялық әріптестік туралы хабарлап отыр

ҚР ШОБ үшін жаңа мүмкіндіктер: Huawei және VS Trade стратегиялық әріптестік туралы хабарлап отыр

2024.02.20

Ынтымақтастық Қазақстанның ШОБ-не олардың операциялық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын озық технологиялық шешімдер береді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы Huawei компаниясы технологиялық шешімдердің жетекші дистрибьюторы «VS Trade» (Ви Эс Трэйд) ЖШС-мен стратегиялық әріптестік жасады. Ынтымақтастық желілік инфрақұрылымның тиімділігін, қауіпсіздігін және үздіксіз қосылуын жақсарту үшін әзірленген Huawei eKit қызметтерінің озық кешенінің көмегімен шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Huawei eKit-ке енгізілген технологиялар алғаш рет 2023 жылдың күзінде шығарылған болатын және Қазақстан нарығында эксклюзивті көрсетілетін болады. Huawei қосалқы бренді ретінде әзірленген Huawei eKit Huawei компаниясының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық трансформация саласындағы 30 жылдан астам тәжірибесін пайдаланады. Инновациялық шешімдер жиынтығы сенімділікке, масштабталулыққа және оларды пайдаланудың қарапайымдылығына баса назар аудара отырып, жоғары технологиялық желілік жабдықтар мен қызметтер жиынтығын ұсынады.

Huawei eKit-тің аса маңызды ерекшеліктерінің бірі шағын және орта бизнестің ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шешімдерді жеке таңдау мүмкіндігі болып табылады. Бұл шешімдер, жаңа нарықтық мүмкіндіктер туғыза отырып, мысалы, бөлшек сауда, мектептер, университеттер мен ауруханалар сияқты әртүрлі салаларда қолдануға жарамды.

Huawei өкілі атап өткендей, бұл ынтымақтастық цифрлық трансформацияны ынталандыруда және аймақтағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқара алады.

«Біздің «VS Trade» (Ви Эс Трэйд) ЖШС-мен серіктестігіміз Қазақстандағы ШОБ субъектілеріне озық технологиялық шешімдер ұсынуға ұмтылуымызда алға жасалған елеулі қадамды білдіреді. Huawei eKit шешімдерінің әзірленген кешені цифрлық трансформация мен өсуге ықпал ететін кәсіпорындардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға біртұтас көзқарас болып табылады. Біздің бірлескен күш-жігерімізбен біз бизнестің мүмкіндіктерін арттырып, елдің серпінді және тұрақты бизнес-жүйесін дамытуға өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз», — деп атап өтті өкіл.

HUAWEI eKit өзіне бірлескен жұмыстың интеллектуалдық құралдарын, сымды және сымсыз желілерді, IP+ оптикалық қол жеткізу желілерін және IT платформаларын қамтитын озық технологияларды қосады. Шешімдер қоржынына сонымен қатар 110 сериялы Cloud EngineS басқарылмайтын коммутаторы, 310 L2+ сериялы Cloud EngineS басқарушы коммутаторы, 380 сериялы Cloud EngineS мультисервистік шлюзі, AirEngine сериялы Wi-Fi 6 AP, AirEngine сериялы WAC, AR700 сериялы NetEngine мультисервистік шлюзі секілді бірқатар жоғары технологиялық ұсыныстар мен шағын және орта бизнестің маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін басқа да шешімдер кіреді.

Datacom-Campus саласында Huawei eKit шешімдер кешені ШОБ үшін 30-дан астам жаңа желілік өнімді ұсынады, оған саладағы ең жақсы өнімділігі бар конвергентті шлюздер, пайдалануға ыңғайлы коммутаторлар, 20%-ға ұлғайтылған қамтылымы бар WLAN өнімдері және серіктестер мен клиенттер үшін пайдалануға беруді жеңілдететін қосымшалар кіреді. Өнімнің артықшылықтарының қатарына сонымен бірге конференциялар мен күнделікті кеңсе операцияларының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін, Huawei eKit-ті IdeaHub-пен интеграциялау кіреді.

«VS Trade» (Ви Эс Трейд) компаниясының дистрибуция департаментінің директоры Иван Гончаровтың айтуынша, «VS Trade» (Ви Эс Трейд) ЖШС мен Huawei компаниясы арасындағы дистрибуторлық келісімге қол қою кезінде сенімді әріптестік, телекоммуникация саласындағы озық шешімдер және оларды өнімдердің қол жетімділігінің жоғары деңгейі кезінде баға белгілеуге икемді қарау мүмкіндігімен қазақстандық тұтынушыларға кейіннен іске асыру сияқты аспектілер бірінші кезектегі маңызға ие болды.

«Болашақ бизнес қатынастардың негізіне ең алдымен «сенімділік» қойылды, оны өз міндеттемелерінің және, ең алдымен, Қазақстандағы жергілікті тапсырыс берушілер алдындағы міндеттемелерінің толық орындалуына сенімділікпен білдіруге болады. Өз кезегінде «VS Trade» (Ви Эс Трэйд)  компаниясы да HUAWEI компаниясы тарапынан осы критерий бойынша іріктеуден өтті», — деп атап өтті Иван Гончаров. — «Сөз жоқ, Huawei компаниясы салада жетекші орын алып отыр және жаңа өнімдерді әзірлеуге инвестиция салуға стратегиялық тұрғыдан дайын. Өз портфолиоңызда іске асырылған озық идеялар болып отырғанда - дұрыс бапталған дистрибуция қажет. Бұл міндетті HUAWEI компаниясы Қазақстандағы қазіргі заманғы АТ-дистрибуторға – «VS Trade» (Ви Эс Трэйд) ЖШС-не жүктеп отыр. Әрі 2024 жылдың ақпан айының басында-ақ HUAWEI eKit өнімдері «VS Trade» (Ви Эс Трэйд) ЖШС-нің ҚР-дағы қоймасынан инсталляциялау үшін қолжетімді болады».  

Қазақстандық нарықта Huawei eKit шешімдерінің жиынтығын эксклюзивті іске қосу Huawei және «VS Trade» (Ви Эс Трэйд) компанияларының жергілікті бизнестің өсуі мен дамуына бейілділігін баса көрсетіп отыр. Жаһандық технологиялық шеберлікті аймақтық нарықты терең түсінумен ұштастыра отырып, Huawei және «VS Trade» (Ви Эс Трэйд) стратегиялық альянсы инновацияларға, масштабталулыққа және бизнес нәтижелердің жақсаруына ықпал ете отырып, Қазақстанда ШОБ дамуына қомақты үлесін енгізуге қабілетті.

Руководство по продуктам HUAWEI eKit

Скачать приложение каталог Huawei eKit