Huawei өкілі Ли Пэң: 5G мен 5.5G операторларды көп жетістікке жеткізеді

Huawei өкілі Ли Пэң: 5G мен 5.5G операторларды көп жетістікке жеткізеді

2024.03.04

Huawei компаниясы MWC Barcelona 2024 іс-шарасында Beyond 5G Growth саммитін өткізді. Онда компанияның корпоративтік аға вице-президенті және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) сату және қызмет көрсету жөніндегі президенті Ли Пэң операторлар 5G арқылы кәсіпте қандай табысқа жететінін, 5.5G арқылы байланыс желілерінің әлеуеті қалай ашылатынын айтып берді.

Ли Пэңнің айтуынша, 5G дұрыс жолда — кәсіпті жетістікке жеткізу жолында дамып келе жатыр. 5G технологиясы 2019 жылы коммерциялана бастады. Бүгінде 5G-ді дүниежүзі бойынша 1,5 миллиард адам қолданады. Қазіргі уақытта әлемдегі байланыс операторларының 20%-і 5G-ді қолданады. Бұл қолданушылар — барлық мобайл трафиктің 30%-і. Ұялы байланыс қызметі кірісінің 40%-і осыларға тиесілі.

2024 жылы 5.5G коммерциялық мақсатта қолданыла бастайды. Операторлар 5.5G, жасанды интелект (AI) және бұлт технологиялары арқылы жаңа бағдарламалар құрып, жаңа мүмкіндіктерге ие болады, — дейді Ли Пэң.

Оның айтуынша, бүкіл әлемдегі операторлар осы мүмкіндіктерді игеру үшін жоғары сападағы желі тәжірибесіне, монетизацияға, жаңа қызметтерге және генератив жасанды интеллектіге назар аударуы керек.

Huawei компаниясының корпоративтік аға вице-президенті және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) сату және қызмет көрсету жөніндегі президенті Ли Пэң. Фото: Huawei

Жоғары сападағы желілер — кәсіптегі жетістіктің негізі

Мобайл қолданушылар желінің сапасы жақсы әрі жоғары болса, мобайл пакетін жаңартуға дайын. Ал бұл операторларға трафикті, оның мәнін арттыруға мүмкіндік береді. Сол себепті байланыс операторлары жоғары сападағы 5G желісін қосуды стратегиялық мақсаты етіп жатыр.

Мәселен, Таяу Шығыстағы кейбір операторы Massive MIMO желісін орнатты және бұл желі 5G FWA-ды сәтті қолдануға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта 5G FWA 3 миллионға жуық үй шаруашылығының желісін біріктіріп отыр.

Жаңа қызметтерге ұзақ мерзім бойы тұрақты өсуге септігін тигізеді

Күннен-күнге New Calling, бұлтты ұялы телефондар, көзілдіріксіз 3D сияқты жаңа қызметтер қолданушылардың назарын аударып жатыр. Адамдар қазіргі уақыт режиміндегі қызмет түрі, мысалы, автокөлікті сақтандыру шығындарын кешенді өтеу үшін көбірек төлеуге дайын.

Сонымен бірге бүгінде 5G көптеген салада қолданылып жүр. Қытайда 50-ден астам салада 50 000 жағдайы бойынша 5G желісі коммерциялық мақсатта пайдаланылады. Енді 5.5G B2B нарығына одан да көп мүмкіндік береді деп болжам жасалып отыр.

Генератив жасанды интеллект мобайл индустрияны толық интеллект кезеңіне әкеледі

IDC мәліметі бойынша, 2024 жылы жасанды интеллект негізінде істейтін ұялы телефондар саны дүниежүзі бойынша 170  миллионға жетеді. Болашақта жасанды интеллект енгізілген ұялы телефондар қазіргіден де жоғары сапада суретті көрсетеді, оны өңдейді және сақтайды. Мұндай телефондарда болатын AIGC қолданбасы 100 миллиардтаған ГБ деректерді жасай алады және байланыс операторларына жаңа мүмкіндік береді.

Ли Пэңнің айтуынша, байланыс операторлары 5G мен 5.5G желілері арқылы көп жетістікке жетеді.